Сайт және оның материалдары тек ТОО «Q-Vision»-мен келісімшарт жасасқан білім беру мекемелеріне арналған. Үшінші тұлғаларға сілтемені жібері тыйым салынған және ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
+7 (700) 124-24-24 • Info@qvision.kz
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы
Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу
Оқу тапсырмасын орындауда табандылық, еңбекқорлықтың болуы
Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну
Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ
Халықтың өткеніне, бүгініне және болашағына қатыстылығын түсіну
Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу
Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, мемлекеттік мерекелердің мәнін түсіну
Азаматтық және ұлттық бірегейлікті білу және түсіну
Мемлекеттік тілді меңгеру
Отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу
Оқуға, өз халқының рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде ана тіліне деген қызығушылық таныту
Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын бағала
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу қабілеті; модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы қатынастарды іздеу және бөліп көрсету, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау
Оқу міндеттерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаны қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуде қолдану
Әр түрлі таным құралдарын қолдану, әлем туралы білімді жинақтай алу (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет)
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
Еңбекті, өзінің және басқалардың еңбек нәтижелерін бағалау
Еңбекті, мамандықтарды практикалық тұрғыда зерттеуге қызығушылық таныту
Кәсіби өзін-өзі жетілдіру үшін еңбек қызметінің дағдылары жинақтау, еңбексүйгіштік, еңбекке баулу, табысты еңбектің маңыздылығын түсіну
Уақытты тиімді жоспарлай білу және кез-келген іс-әрекеттің нәтижелеріне қол жеткізу және жақсарту үшін күш салу
Еңбек қоғамның және жеке әл-ауқаттың негізі екенін түсіну
Қоғамдық еңбекке дайындық
Жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарларының жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін білу
Тәртіп пен әділеттілік нормалар мен ережелерін сақтау қажеттілігін түсіну
Қоғамның қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіну
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ
Қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну
Сенімді қарым-қатынас орнату және ұжымда жағымды ахуалды сақтай білу
Тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу
Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу
Басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу