Блок I
Бұл бөлімде тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін негізгі құндылықтар мен құзыреттердің жүйесі ұсынылады.
Тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі тәрбиеден техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлеріне дейін түлектердің білім, білік және дағдыларының сипаты көрсетіледі.
Педагогтер сынып сағаттарын жоспарлауда және сабақ мазмұнына құндылықтарды кіріктіруде ұсынылған құндылықтар жүйесін қолдана алады. Бұл білім алушылардың құндылықтарды дарытуына, табысты әлеуметтенуіне, зияткерлік және тұлғалық дамуына, сондай-ақ Қазақстанның болашақ азаматтарының кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.
Білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйені білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қолдану қажет. Әр сынып сағатының соңында 10 минут білім алушының жеке қауіпсіздігіне уақыт бөлу ұсынылады.

Сайт және оның материалдары тек ТОО «Q-Vision»-мен келісімшарт жасасқан білім беру мекемелеріне арналған. Үшінші тұлғаларға сілтемені жібері тыйым салынған және ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

+7 (700) 124-24-24 • Info@qvision.kz
Made on
Tilda