Сайт және оның материалдары тек ТОО «Q-Vision»-мен келісімшарт жасасқан білім беру мекемелеріне арналған. Үшінші тұлғаларға сілтемені жібері тыйым салынған және ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
+7 (700) 124-24-24 • Info@qvision.kz
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Iс-әрекетке қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттерінің теңдігін ескере отырып, өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін бағалай білу
Жалпы нәтижедегі әрбір тапсырманың маңыздылығын түсіне отырып, өз міндеттемелерін сапалы және мерзімінде орындай білу
Командада жұмыс істей білу, басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын құрметтеу және ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылу
Қателерді қабылдауға және түзетуге дайын болу, егер олар жасалса өзінің жұмысының нәтижелері үшін жауап беру
Мемлекеттің сақталуы мен өркендеуі үшін жауапкершілікті сезіну
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ
Жағдаяттарды сыни талдау, таңдау жасау, шешім қабылдау және өз шешімінің жауапкершілігін түсіну
Өз елінің тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері білімін тарихи фактілерге сүйеніп ұдайы кеңейтуге ұмтылу
Халықпен/ мемлекетпен бірлікті және мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну
Елдегі және әлемдегі оқиғаларды объективті бағалау үшін ақпаратты сыни тұрғыдан талдай білу
Ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін мемлекеттік тілді еркін меңгеру
Еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілеттілік таныту
Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ішінде халықаралық аренада қорғауға дайын болу
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Қолданыстағы жүйелер мен процестерді дамытуға және жақсартуға ықпал ететін жаңа идеялар мен тәсілдерді құра білу
Заманауи технологияларды меңгеру және оларды кәсіби мәселелерді шешу үшін тиімді пайдалану
Инновациялық стратегиялар мен жұмыс әдістерін қолдана отырып, ауқымды жобаларды іске асыру
Кәсіби ортада және жалпы әлемде тез өзгеретін жағдайларға икемді бейімделе алу
Басқаларды инновациялар мен прогреске жетелейтін көшбасшылық қасиеттерін көрсете білу
Өзгерістерді болжауға және оларды тиімді қолдануға бейімдеуге мүмкіндік беретін әлемдік трендтер мен инновациялар туралы білу
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
Өз мамандығы бойынша терең білім мен дағдылардың болуы
Кәсіби және жеке қабілеттерін кеңейте отырып, үнемі білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу
Жаңа әдістер мен технологияларды тез игере отырып, жұмыс жағдайларының өзгеруіне және нарықтың жаңа талаптарына бейімделу
Максималды тиімділік пен сапаға ұмтыла отырып, өз жұмысының қорытындылары үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу
Өз іс-әрекеттерінде адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, шеберлікпен жоғары этикалық стандарттарды ұстану
Басқаларды тыңдау, үйлестіру және қолдау арқылы әріптестермен ынтымақтастық дағдыларын орнату
Күрделі жағдайларды талдай білу, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және негізделген шешімдерді қабылдау
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Күнделікті өмірде заң туралы білімді қолдана білу
Қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолдау жөніндегі бастамаларға қатысуға дайын болу
Жалпы әл-ауқат пен қауіпсіздікке ықпал ету үшін жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтай білу
Төтенше жағдайларда ұйымдасқан және сабырлы әрекет ете алу
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ
Қоғамның әл-ауқатына қамқорлық пен жауапкершілікті көрсете алу
Басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау, өзара көмек пен қолдау негізінде мақсаттарға жете алу
*Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну, бөлісу және сезіну
Басқа адамдардың қажеттіліктеріне жауап беру және қолдау көрсету дағдыларының болуы
Мәдени айырмашылықтарды түсіну
Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін қақтығыстарды шешуге қатысты келіссөздер жүргізе алу