Педагогтер сынып сағаттарын жоспарлауда және сабақ мазмұнына құндылықтарды кіріктіруде ұсынылған құндылықтар жүйесін қолдана алады. Бұл білім алушылардың құндылықтарды дарытуына, табысты әлеуметтенуіне, зияткерлік және тұлғалық дамуына, сондай-ақ Қазақстанның болашақ азаматтарының кәсіби қалыптасуына ықпал етеді.
Білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйені білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қолдану қажет. Әр сынып сағатының соңында 10 минут білім алушының жеке қауіпсіздігіне уақыт бөлу ұсынылады.